Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы жұмысын бастады
Референдум қарсаңында тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы жұмысын бастады. Ақпараттық алаң референдум күні дауыс беру қорытындылары толық жарияланғанға дейін жұмыс істейді. Штабтың міндеті – дауыс беру барысы туралы азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын жедел әрі объективті ақпаратпен қамтамасыз ету. Брифинг барысында Алматы қаласында тәуелсіз бақылаушылар коалициясының құрамына 2,5 мыңнан астам байқаушыны біріктіретін 6 үкіметтік емес ұйым кіргені айтылды. Референдум күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ елдің оннан аса өңірінен тікелей қосылымдар ұйымдастырылмақ.
Рафаэль Гасанов, тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының басшысы:
Біз таңғы 7-ден бастап, референдум аяқталғанша жұмысымызды жалғастырамыз. Ақпараттық штабта түрлі брифинг өтеді. Оған халықаралық байқаушылар да қатысады деп жоспарланған. Жалған мәліметтер мен фейк ақпараттардың таралуына жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02