ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесті
Бүгін Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы-Хатшылық басшысы Дмитрий Кобицкиймен және Байқаушылар миссиясының үйлестірушісі Зияфет Аскеровпен кездесті. Сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Ресей мен Беларусь мемлекетінің өкілдерімен кездесу өткізді. Екіжақты кездесулерде референдумға дайындық мәселесі талқыланды.
Дмитрий Кобицкий, ТМД ПАА кеңесінің бас хатшысы-хатшылық басшысы:
Біз бұл бақылау жұмысын 1994 жылдан бастап жүргізе бастадық. Ал алғашқы бақылау миссиямыз дәл осы Қазақстанда жүзеге асырылған. Ертең өтетін референдумда 58 адам жұмыс істейді. Біз өз тарапымыздан объективті бақылау жүргізу үшін бар күшімізді саламыз.
Зияфет Аскеров, ТМД ПАА Байқаушылар миссиясының үйлестірушісі:
Ертең біз дауыс беру процесіне және дауыстарды санау тәртібіне баға беретін боламыз. Біз өз міндетімізді лайықты атқарамыз деп ойлаймын.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17