Елордада Амал мерекесі тойланды
Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданында Көрісу күні кең көлемде аталып өтті.
Жылдан жылға аман жеткен жұртшылық бір-бірімен қауышып, мәре-сәре күй кешті. Бұл шақта өкпе-реніш кешіріледі. Суық сөз, сумақы қылық доғарылады. Мейрам күндері киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлері ұлықталды. Ақ жаулықты аналар тұрғындарға бауырсақ пен дәм ұсынды. Ал сахнада халық әндері шырқалып, төл мәденитіміз салтанат құрды. Айта кетейік, Наурызнама тұжырымдамасына сай ұлттық мейрам 10 күн қатарынан тойланбақ. Жер-ананың тоң кеудесі иіп, тұтас тіршілік қайта түлейтен мезгіл.
Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Жалпы, амалдың басы Әз. «Әз болмай, мәз болмайды» дейді қазақ. Өйткені, табиғаттың адамзатқа елжірейтін сәті. Тіршіліктің жанданатын, жасанатын сәті. Қайтадан жаңғыртып жатқанымыз, соны түрлендіріп, өмірімізге кіргізіп жатқанымыз қуаныш.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17