ШҚО-да 533 референдум учаскесі ашылды
Шығыс Қазақстан
облысында бүгін 485 109 азамат өз таңдауын
жасайды. Өңірде 533 референдум учаскесі жұмысын бастады. Дауыс беруге келген
азаматтарға 4 мыңға жуық учаселік және
аумақтық комиссия мүшелері қызмет көрсетеді. Өскемендегі халық ең көп шоғырланған
шағын аудандардың біріндегі референдум учаскесінен осы өңірдегі тілшіміз Олжас Керейхан тікелей
байланысқа қосылды.
Олжас
Керейхан, тілші:
Шығыста құрылған 533 референдум учаскесінің барлығы жұмысын міне ғана бастады. Учаскелік коммиссия мүшелері және байқаушылар де өз орнында. Дәл қазір біз тұрған нөмірі 48 мектепте 2 референдум учаскесі ашылды. Киіз үй тігіліп, ұлттық нақышта безендірілді. Мұнда алғашқы сайлаушы таң алакеуімнен келіп, учаскенің ашылуын күтіп тұрып бірінші болып өз таңдауын жасады. Саяси белсенділгі үшін комиссия мүшелері оған сыйлық табыстады. Иә тағы бір ерекше атап өтерлігі бүгінгі референдумға өңірде жасы 18-ге толған 7 мыңнан аса азамат алғаш рет дауыс бермек. Ал 104 жастағы ең үлкен сайлаушы, соғыс ардагері өз таңдауын үйінен жасамақ. Референдум барысын ТМД елдерінен келген байқаушылар бақыламақ. Бүгін тек Өскеменнің өзінде құрылған 129 референдум учаскесінің маңында мерекелік бағдарлам мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Халық «Амал» меркесімен құттықтап, бір-бірімен көрісіп, біртіндеп келіп дауыс беріп жатыр.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27