Алматыда перзентханадағы аналар дауыс берді
Алматыда дәл осы күні дүниеге перзент әкелген аналар да саяси шарадан қалыс қалмай, өз таңдауын жасап жатыр. Дәл қазір әріптесім Айдана Қуантхан тікелей эфирге қосылуға дайын тұр. Айдана, қайырлы таң! Перзентханадағы жағдай қалай? Қанша адам дауыс берді?
Айдана Қуантхан, тілші:
Қайырлы таң, әріптес! Қазір біз қаладағы перинаталдық орталықтамыз. Мұнда іңгәлаған сәбилердің даусын естудің өзі бір ғанибет. Алып шаһардағы әрбір төртінші нәресте дүниеге келетін перзентханада жас босанған аналар да маңызды шараға белсенді атсалысып жатыр. Мұнда жалпы саны 110 әйел дәрігерлердің бақылауында болса, оның 11-і бүгін түнде перзентін дүниеге әкелген. Комиссия мүшелері аналардың дауыс беруіне мүмкіндік жасап жатыр. Қазір менің жанымда дәл осы перзентханада босанған Айнұр ханым тұр. Сәбидің бауы берік болсын. Көңіл күйіңіз қалай?
Айнұр Әлболсын, қала тұрғыны:
Көңіл күйім керемет. Бүгін түнде босандым. Өзім көпбалалы анамын. Балаларымның болашағы үшін ел үшін маңызды шараға бір кісідей ат салысып, жаңа ғана өз таңдауымды жасадым.
Айдана Қуантхан, тілші:
Сұхбатыңызға рахмет. Иә, біз тұрған перзентханада дәл қазіргі жағдай бойынша дауыс беруге құқығы бар 110 адам өз таңдауын жасады. Еске сала кетейік, Алматыда жалпы 653 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 71-і жабық, яғни әскери оқу орындарында, ауруханаларда орналасқан.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41