Павлодар облысында 521 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Павлодар облысында тұрғындардың 66% пайыздан астамы дауыс беру құқығына ие. Электораттың басым бөлігі облыс орталығы мен Екібастұз және Ақсу қаласында. Мәселен Павлодар қаласында 350 мың адам тұрса, солардың 240 мыңы таңдауын жасайды. Аймақтағы ахуалды қазір біз тікелей байланысқа шыққан тілшімізден білейік. Болат, сіздерде референдум қалай өтіп жатыр?
Болат Аманбаев, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Мен алдымен мына бір қызықты мәліметпен бөліскім келп тұр. Павлодар қаласында бүгін 5000 азамат тұңғыш рет өз таңдауын жасауы тиіс. Солардың басым бөлігі осы сәтке дейін дауыс беріп үлгеріпті. Қазір біз номері 11-ші референдум учаскесіндеміз. Қаланың орталығы. Адамдар толассыз келіп жатыр. Негізі 2089 адам тіркелген екен. Қанша азаматтың дауыс бергенін осы участоктегі комиссия мүшесі Бақытжан Нұрланұлы айтсын.
Бақытжан Амангелдинов, №11 референдум учаскесі комиссиясының мүшесі:
Аймақ тұрғындары 521 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр. Облыстық референдум комиссиясы берген мәліметке қарағанда еш жерде заң бұзушылық дерегі тіркелмеген.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15