«Референдум – 2026» онлайн-марафоны: Өзекті тақырыптар талқылануда
«Референдум – 2026» онлайн-марафоны жалғасып жатыр. Алаңда мерекелік бағдарламалар, сан түрлі тақырыпта дискуссиялар өтуде. Дәл қазір Жанел Нұрболатқызы тікелей қосылып, толығырақ баяндайды.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Рақмет, Қонысбек. Иә, онлайн марафон таңғы тоғыздан бері үздіксіз көрсетіліп жатыр. Наурызнама он күндігі аясында ұйымдастырылған медиажобада бірегей мерекелік бағдарлама көп. Міне, белгілі эстрада жұлдыздары, өнер майталмандары марафонның көркін қыздыра түсті. Көрермен назарына салмақты сарап, қызу дискуссиялар да ұсынылады. Мәселен, сәлден соң сарапшылар «Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» деген тақырыпта ой бөліседі. Бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Десе де, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды ұмыт қалдырмау үшін не істеу қажет? Ата-аналар нені ескеру керек? Бұл мәселені өз саласында жетістікке жеткен мамандар, тәжірибелі ұстаздар кеңінен талқылайды. Іс-шараға саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар да қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады.Құрметті көрермен, қызықтың бәрі алда. Түнгі бірге дейін көрсетілетін бұл марафонда қоғамды алаңдатқан әлі талай тақырып талқыланады. Концерттік бағдарламалар, түрлі викториналар да ұйымдастырылмақ. Медиажоба республикалық және аймақтық БАҚ сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларында көрсетіледі. Біз де сағат сайын тікелей қосылып, хабар таратамыз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02