Ресейде 5 референдум учаскесі ашылды
Ресейде 5 референдум учаскесі ашылды. Мәскеудегі елшіліктегі №429 учаске жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 де өз жұмысын бастады, 20:00-ге дейін ашық. Ресей астанасында уақытша тұрып жатқан отандастарымыз өз таңдауын жасап, дауыс беруге келді. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары көрші елдің Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы бас консулдық ғимараттарында дауыс бере алады.
Александр Синяговский, №429 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:
Біз дауыс берушілер көп болады деп ойлаймыз. Елшілік пен бас консулдықтарда орналасқан референдум учаскелерінде барлық жағдай жасалған. Қазақстанның 18 жасқа толған азаматтары өздерімен бірге жеке куәліктерін алып келуі қажет.
Ақын Испуллаев, даусы беруші:
Мәскеу қаласында уақытша тұрып жатырмын. Қазір Еуразиялық экономикалық комиссиясында қызмет атқарамын. Бүгін Қазақстан тарихында үлкен өзгерістер болып жатыр. Алғашқылардың бірі болып, дауыс беруге келдім. Елімнің болашағына бейжай қарамаймын.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28