Басты Жаңалықтар Ыстанбұлда да референдумға қатысуда

Ыстанбұлда да референдумға қатысуда

Қазақстанмен уақыт айырмашылығы екі сағат болатын Түркияда да бүгін ел азаматтары белсенді. Дауыс беруге лег-легімен келіп жатқандардың көбі сол елде оқитын студенттер. Ел болашағына бейқам қарамайтын жастар тіпті Ыстамбұлға көршілес қалалардан да келіп дауыс беріп жатыр. Түркияда референдум қалай өтіп жатыр екен? Анадолы еліндегі тілшіміз Айдос Әшімұлын тікелей эфирге қосайық.

Айдос Әшімұлы, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Біз тұрған Ыстамбұл қаласындағы №419 референдум учаскесінде дауыс берушілер легі таңертеңнен бері толастар емес. Ел болашағына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар жырақта жүрсе де азаматтық борышын өтеуге асығуда. Осында тіркелген дауыс беру құқығы бар 1500 ден аса азаматтың басым бөлігі студенттер. Жастар өте белсенді. Әр университет топ тобымен келіп дауыс беріп жатыр. Тіпті дауыс берушілердің көптігінен референдум учаскесінің алдында ұзын-сонар кезек те пайда болды. Азаматтық ұстанымын білдіруге келгендердің арасында алғаш рет дауыс берген жастар да көп, Ал Түркия аумағында орналасқан төрт референдум учаскесінде де осы сағатқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.


Бөлісу