Қарағанды облысының ауылдары белсенді
Еліміздегі ең үлкен, іргелі облыстың бірі – Қарағанды өңірі. Мұнда 637 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 200 мыңға жуық адам ауылдық жерде қоныстанған. Дәл қазір аймақтағы тілшіміз Жандос Бақытұлы Үштөбе ауылынан тікелей байланыста. Жандос, ауылдағы ағайынның көңіл күй қалай?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек! Иа 3 мыңға жуық тұрғыны бар Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылының тұрғындары бүгінгі таңды күнделікті күйбең тіршілікпен емес, ел үшін маңызды таңдаудан бастады. Тұрғындар референдум учаскесіне үздіксіз келіп дауыс беруде. Мұнда 2500 аса адам тіркелген. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар да референдумнан тыс қалмады. Жақын маңайдағы әскери бөлім сарбаздары осында келіп өз таңдауларын жасауда Ал, Қарағанды облысы бойынша 637 учаскеде 760 мыңға жуық тұрғын референдумға қатыса алады. Жалпы өңірдің 82 пайызы қалалық жерде шоғырланған. Алайда ауыл тұрғындары әрбір саяси науқанда белсенді. Ал Бұқар жырау ауданындағы 49 референдум учаскесінің барлығы ауылдық жерде. Бұл дегеніміз елді мекеннің алыс жақынына қарамай еліміздегі әрбір жан мемлекет болашағы үшін маңызды таңдау жасап, ел ертеңіне бей-жай қарамайды деген сөз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15