Шымкентте 18-ге толған 27 510 азамат алғаш рет дауыс береді
Референдумда Шымкент қаласының тұрғындары да жоғары белсенділік танытып жатыр. Өйткені елдің болашағына тікелей әсер ететін маңызды сәтте мегаполис халқы өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруге ниетті. Учаскелердегі ахуалды аймақтағы тілшіміз Ернұр Уәлихан баяндайды. Ернұр, дауыс беру барысы қалай өтіп жатыр?
Ернұр Уәлихан, тілші:
Шымкент қаласының тұрғындары қоғамдық-саяси бастамаларға қашан да бей жай қараған емес. Бүгінгі референдумда да қала жұртшылығы азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін дауыс беру учаскелеріне ағылуда. Әсіресе жастардың белсенділігін анық аңғаруға болады. Бүгін қала бойынша 27 510 адам алғаш рет дауыс береді. Солардың бірі болашақ педагог маман Толғанай Рахметбай қатарластарымен бірге таңдауын жасап үлгерді. Толғанай алғаш рет, маңызды сәтте дауыс бердіңіз, көңіл-күй қалай?
Толғанай Рахметбай, студент:
Өте керемет, себебі еліміздің болашағына әсер ететін осындай маңызды сәтте өз таңдауымды жасадым. Бұл шешімім арқылы мен өзімнің және еліміздің болашақ бағдарын айқындадым деп ойлаймын.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Жалпыхалықтық референдумға байланысты Шымкент қаласында 363 дауыс беру учаскесі жасақталған. Оның ішінде 24-і емхана, тергеу иззоляторы, қарттар үйі және әскери бөлімдерде орналасқан жабық учаскелер. Мегаполис тұрғындарының 695 мыңнан астамы дауыс беру құқығына ие. Олардың қатары 2024 жылғы референдуммен салыстырғанда 35 мыңға жуық адамға көп.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15