Ресейдегі қазақтар белсенді дауыс беруде
Ресейде бес референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Көрші елде уақытша тұрып жатқан отандастарымыз белсенді. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар қосылуға дайын.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейде жұмыс бабымен тұрып, немесе білім алып жатқан отандастарымыз күннің суығына қарамастан, өте белсенді. Әсіресе, елдің болашағына бей жай қарамайтын жастар,тіпті учаске ашылмай тұрып келіп алды. Ұзын-сонар кезекте тұрған отандастар шетте жүрсек те, өз құқығымызды пайдаланып, дауыс береміз дейді.
Нұрзада Сақтағанов, ғалым:
Мәскеу облысы, Дубна қаласы Біріккен ядролық зерттеулер институтынан бүгін референдумға өз үлесімді қосуға, маңызды қадам жасауға шешім қабылдадым. Референдум еліміздің саяси дауындағы үлкен маңызды қадам.
Бүгін Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде орналасқан № 429 учаскесінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың да дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Ал кезекте тұрғандар бауырсақтан дәм тата алады. Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы бас консулдық ғимараттарында да референдум учаскелері бар. Әр учаскеде халықаралық байқаушылар акрредиттелген. Мәскеудегі дауыс беру барысын алты халықаралық байқаушы қадағалауда.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17