Халықаралық байқаушы референдум жайында пікірін айтты
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, бұл саяси науқанды бақылау үшін 38 елден 133 байқаушы және 11 халықаралық ұйымнан 226 өкіл аккредитациядан өткен. Бүгін жалпы саны – 359 халықаралық байқаушы дауыс беру барысын қадағалап отыр. Солардың арасында «Америка-Еуразия» орталығының вице-президенті Ральф Винни де бар. Ол учаскелерді аралап, референдумның талапқа сай өтіп жатқанын айтты. Сондай-ақ бұл референдум елдің инвестициялық әлеуетіне оң әсер етуі мүмкін деп бағалады.
Ральф Винни, «Америка-Еуразия» орталығының вице-президенті:
Қазақстан Орталық Азия аймағындағы ең ірі экономикаға ие ел. Жалпы бизнес пен ірі компаниялар Қазақстанға келіп инвестиция салуы үшін олар елдегі құқықтық жүйенің тұрақты әрі болжамды екеніне көз жеткізгісі келеді. Яғни егер олар сотқа жүгінсе, заңгерлер қорғалатынын және ойын ережелері кейіннен өзгеріп кетпейтінін білгісі келеді. Референдум осы тұрғыда маңызды рөл атқарады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28