Бельгиядағы қазақ студенттер референдумға үлес қосты
Бельгия мен Люксембургтағы қазақстандықтар еліміздің Брюссельдегі Елшілігінде орналасқан №405 учаскеде дауыс беріп жатыр. Бүгін референдумға қатысуға 150-ге жуық Қазақстан азаматы тіркелген. Дені-дипломаттар, олардың отбасы мүшелері, студенттер мен осында жұмыс бабымен, отбасылық жағдайына байланысты тұрып жатқан қазақстандықтар. Жастар шапандарын киіп, көтеріңкі көңіл күймен ерекше белсенділік танытты. Ал тұңғыш рет дауыс берген студентке естелікке ұлттық кәдесый табысталды.
Арманжан Нарбеков, Лёвен католик университетінің 1 курс студенті:
Алғашқылардың бірі болып таңғы жетіде Конституциялық құқығымды пайдалануға келдім. Бұл менің дауыс беруге тұңғыш рет қатысуым. Ерекше толқып тұрмын. Елшілік қызметкерлері естелікке сыйлық берді. Референдумның ұйымдастыру деңгейі өте жоғары.
Исламбек Сман, Лёвен католик университетінің 1 курс студенті:
Бүгін еліміз үшін маңызды күн және де әрбір Қазақстан азаматының борышы. Себебі, шетелде жүрсек те Қазақстанның дамуын ойлаймыз және қоғамның тұрақты болуына маңызды шешім қабылданатын күндердің бірі.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27