Елордалықтар саяси науқаннан тыс қалмады
Елордалықтар саяси науқаннан тысқары қалмай өз таңдауын жасап жатыр. Бас қалада жалпы саны 501 референдум учаскесі бар. Соның 497-сі қазір жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге бүтін отбасы болып келгендер де бар. Астана бойынша 501 учаскенің 35 арнайы орындарда жұмыс істеп тұр. Олар әскери бөлімде, ауруханаларда, тергеу изоляторларында. Референдум учаскелерін аралаған халықаралық байқаушылар ақпараттың ашықтығын айтып жатыр.
Бейсембай Жұмабеков, қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:
Бүгінгі күні аккредитация алып халықаралық ұйымдардан келіп жұмыс жасап жатыр. Оның үстіне 11 қоғамдық бірлестіктер ОСК-дан алған аккредитацияны. Астана қаласы бойынша 23 ұйым аккредитация алды. Учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға өте қолайлы жағдай жасалған.
Астаналықтардың саяси белсенділігін
келушілерден байқауға болады. Өз таңдауын жасауға жалғыз емес, отбасы болып
келгендер бар. Мысалы алтын баланың анасы Марал Жаналиева кішкентай ұлын да
ерте келіпті.
Марал Жаналиева, қала тұрғыны:
Күміс алқалы анамын. Алты балам бар. Не үшін дауыс беріп жатырмыз?Болашақ үшін. Ертеңгі күнгі балаларымыздың жарқын болашағы үшін. Қауіпсіздігі үшін.
Аумақтық референдум комиссиясының ақпаратынша хабарласып «есептен шығару
талонын ала аламын ба?», «өз учаскемнен басқа жерде дауыс бере аламын ба?» деп
те сұрап жатқандар бар. Бұл да болса азаматтардың саяси науқанға бей-жай
қарамайтындығының көрінісіндей.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41