Референдум кезінде инватакси қарастырылған
Референдум кезінде денсаулығына байланысты дауыс беру учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін арнайы тасымалды жәшіктер қарастырылған. Ал ерекше қажеттілігі бар тұрғындардың учаскеге жетуін қамтамасыз ету мақсатында инватакси қызметі ұйымдастырылған. Мәселен, Алматы облысында 2320 мүмкіндігі шектеулі азаматтың деректері нақтыланып, олардың қай учаскеге тіркелгені алдын ала тексерілген. Қонаев қаласында екі арнайы көлік қызмет көрсетсе, өңірдегі 200-ден астам елді мекенді қамтитын 24 инватакси жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, дауыс беру барысында азаматтарға қолдау көрсету үшін 15 сурдоаудармашы мен әлеуметтік қызметкерлер тартылған.
Марат Абдуллаев, «Қапшағай самға» мүгедектер бірлестігінің төрағасы:
Бүгін мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін, ерекше балалар үшін, мемлекетіміз үшін маңызды сәт. Сол үшін, еліміздің болашағы үшін көңілім өте жақсы. Болашағы үшін еліміздің дауыс бердім.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28