Павлодар облысында ауылдағылар белсенді болды
Павлодар облысындағы 521 учаскенің бәрі жабылды. Өңірде бүгін әсіресе ауыл тұрғындары белсенділік танытқан. Аймақтағы тілшіміз қазір бізбен тікелей байланысқа шықты. Болат, жергілікті тұрғындардың жалпы белсенділігі қалай болды?
Болат Аманбаев, тілші:
Альбина, өңір халқы ерекше белсенділік танытты, әсіресе ауыл тұрғындары түс ауғанша өз таңдауларын жасап үлгерді. Ал Павлодар қаласында керісінше сағат алтыдан кейін де кісі аяғы басылған жоқ. Себебі, өндіріс орындарының жұмыскерлері кешкісін дауыс берді. Жалпы Павлодар облысында 745 мың тұрғын болса, соның 66% пайыздан астамы дауыс беру құқығына ие. Соңғы мәлімет бойынша олардың басым бөлігі өз таңдауын жасаған. Және референдум барысында ешқандай заң бұзу деректері тіркелмеген. Бір байқағыным бүгінгі Референдум Ертіс-Баян жұртшылығын ұлттық киімімізбен табыстырғандай әсер қалдырды! Көпшілік мен сияқты шапан немесе шертек киіп белбеу тағынып келген. Міне көріп тұрсыздар, осы учаскедегі комиссия мүшелері де тегіс ұлттық киіммен жүр. Байқағаным қазақы киім кешектің өзі бұл референдумға ерекше реңк берді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03