Түркияның төрт қаласындағы қазақтар референдумға қатысты
Түркияның төрт қаласындағы референдум учаскелерінде азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр. Анкара, Ыстанбұл, Измир және Анталия қаласында учаскелерге түрлі себеппен шетелде жүрген азаматтар таң атқалы тоқтаусыз келіп, таңдауларын жасауда. Ыстамбұл қаласындағы № 419 референдум учаскесінде 1500 ден аса дауыс беруші тіркелген. Олар Түркияда жұмыс бабымен жүрген немесе демалуға келген Қазақстан азаматтары.
Абдуразақ Әуелбек, Сакария университетінің студенті:
Сакария қаласынан шамамен 400 студент болып келдік. Бізге шетелде оқып жүрсек те, шетелде білім алып жүрсек те елімізде болып жатқан өзгерістер маңызды. Сол үшін бүгін келіп даусымызды беріп, өз таңдауымызды жасадық.
Әли Қанат, Бурса Ұлытау университетінің студенті:
Біз Бурса қаласынан келдік жүз адам болып. Жас ретінде елдің болашағы маңызды. Студент болсақ та, шетелде жүрсек те Қазақстан Бас консулдығы бізді ұмытпай осы жерге шақырып, әр дауыс маңызды екенін көрсетіп жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27