Референдумда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай жасалды
Референдум учаскелерінде ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалды. Дауыс беру орындарына пандустар орнатылып, арнайы бағыттаушы көрсеткіштер мен ыңғайлы дауыс беру кабиналары қарастырылды. Қажет болған жағдайда учаскелік комиссия мүшелері азаматтарға ақпараттық көмек көрсетті. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын тұрғындар үшін тасымалды жәшік арқылы үйден дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды. Сондай-ақ өңірде инватакси қызметі жұмыс істеді. Қонаев қаласында екі арнайы көлік қызмет көрсетсе, облыс бойынша 200-ден аса елді мекенді қамтитын 24 инватакси іске қосылды. Бұдан бөлек 15 сурдоаудармашы мен әлеуметтік қызметкерлер тартылды.
Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:
4800-ге жуық маман тартылды. Олардың барлығы арнайы оқудан өтті. Сонымен қатар 2300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қажетті құрал-жабдықтар орнатылып, дауыс беру орындары толықтай бейімделді. Пандустар қойылып, барлық жағдай жасалды.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27