Лондонда дауыс беру енді қыза түсті
Қазір Лондонда кешкі сағат алты. Дауыс берудің аяқталуына әлі екі сағат бар. Тұманды Альбиондағы тілшіміздің хабарлауынша №408 дауыс беру учаскесінде дауыс беру енді қыза түскен. Әріптесім Марина Бекенова сабақтасын.
Марина Бекенова, Тілші:
Түске таман дауыс берушілердің саны таңертеңгі уақытқа қарағанда артты. Араларында Ұлыбританияның басқа қалаларында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан отандастарымыз, осында саяхаттап жүрген туристер көп. Бүгін, әсіресе, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер белсенділік танытты.
Руслан Шаяхынұлы, UCL университетінің докторанты:
Мен UCL университетінде докторантурада химиялық инженерия мамандығы бойынша оқимын. «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын. Бүгінгі референдум елдің берекесі мен бірлігін арттырады деп сенемін. Біз, жастар, осындай маңызды науқаннан тыс қалмауымыз керек.
Ұлыбританияда 150 дей отандасымыз дауыс беру құқына ие. Комиссия мүшелерінің айтуынша, референдум учаскесі жұмысын тоқтатқаннан кейін бірер сағаттың ішінде Лондондағы референдум нәтижелері белгілі болады.
Мерей Қуандықов, №408 референдум учаскесі комиссиясының мүшесі:
Комиссия мүшелері және елшілік қызметкерлері маңызды шараның ашық және әділ өтуі үшін күш салып жатыр. Лондондық учаскедегі қорытындылар референдум өткізілген күннен кейін 2 күн бойы Елшілік ғимаратының кең қауымға қолжетімді жерінде ілулі тұрады.
Жалпы, дауыс беру учаскесіне келгендерден мерекелік көңіл-күй сезіледі. Елшілік қонақтарға ұлттық тағамнан дәм татқызып, референдумға бірінші болып келген отандасымызға кәдесый берді. Дауыс беру учаскесінің есігі Лондон уақыты бойынша кешкі 8-де, ал Астана уақытымен түнгі 1-де жабылады.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16