Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтап, референдум қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді деген пікірін білдірді. Ал Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын айтты. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін растады. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17