Таразда «Денсаулық» саябағын тазалады
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктемгі тазалық жұмысы белсенді басталды. Қала жастары «Самал» мөлтек ауданындағы «Денсаулық» саябағын күл-қоқыстан тазартты.
100-ге жуық белсенді алдымен арық-атыздың ішін тазартып, құлаған ағаштарды шығарды. Сондай-ақ тал-дарақтың түбін қопсытып, тұрмыстық қалдықтарды теріп алды. Пластикалық ыдыстар мен полиэтилен қаптамалар әсіресе қыстың күнгі жел салдарынан жиналып қалған. Енді жас белсенділер бірігіп, ағаш отырғызу акциясын бастамақ. Ринат Ақәділ, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Алдағы уақытта жоспарлар көп, жастар ресурстық орталығы тарапынан. «Жаңару күніне» өзіміздің аумақта тал егу жұмыстары басталады және өзіміздің «Жасыл ел» еңбек жасақтарының облыстық ашылу салтанаты болады біздің Тараз жерінде.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17