«Ұлттық киім» шеруіне 150 адам қатысты
Астанада «Ұлттық киім» шеруі өтіп жатыр. Мәдени мұра мен ұлттық құндылықты дәріптеуге бағытталған шараны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырды. Кешке 150 адам қатысуға ниет білдірді. Олардың әрқайсысы дәстүр мен заманауи сәннің үйлесімін көрсету үшін ерекше киініп келген.
Айжан Иманғали, тілші:
Бүгін елорданың қақ ортасында нағыз сән революциясы! Дәл қазір, қаладағы ең ірі сауда орталықтардың бірінде «Ұлттық киім» шеруі өтіп жатыр. Өзім подиумға шықпасам да, бүгін мен де этно стильдегі сүйікті киімімді киіп келдім. Мұндағы атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Міне, модельдер подиумда жүр. Қараңыздаршы, заманауи стиль мен этно-мотивтер қалай үйлескен! Әрбір костюм-өнер туындысы. Мұнда «Ұмай ана» әжелер коллекциясы және сән орталықтарының киімдері ұсынылып жатыр. Адамдардың күнделікті киюіне ыңғайлы. Қазіргі трендтегі, мәселен худи, бомбер, классикалық костюм сияқты киімдерге ою өрнектер қондырылып, көпшілік назарына ұсынылуда. Сондай-ақ, күмістен жасалған әшекей-бұйымдар, белдіктер, заманауи джинсымен үйлестірілген. Бұл жай ғана киім емес, бұл- біздің ұлттық құндылығымыздың, мәдени мұрамыздың жаңаша тынысы.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00