Өнер қосқан өнегелі отбасылар
Жамбыл облысында өнер қосқан өнегелі отбасылар саны жүзден асып жығылады. Бір ғана облыстық филармонияда 20-ға жуық, ал аймақтағы академиялық театрда 7 отбасы жұмыс істейді. Ортақ жұмыс пен отбасы қамын қатар алып жүрген жұптар өзара түсіністік пен татулықтың үлгісі болып отыр. Бүгінгі «Шаңырақ күніне» байланысты мәдениет саласының майталман мамандарының шаңырағында Данияр Әлімқұл болып қайтты.
Ұлттық аспаптардан төгілген сазы тыңдаушысын тапқан Әбдрахмановтар әулеті өңірдегі өнерлі жұптың бірі. Осыдан 10 жыл бұрын отау құрған жұп, бүгінде отбасылық ансамбльге айналып келеді десек болады. Өйткені үйіндегі өскіндер де өнерге қызығады. Бүгінде отағасы Наурызхан облыстық филармонияда домбырашылар жетекшісі, жұбайы Айман жетіген шертеді. Сондай-ақ, олар фортепиано, прима, шертер, гитара, баян аспаптарын да меңгерген.
Айман Шерметова, жетігенші:
Ойнау барысында түсінбей жатқанымды жолдасым түсіндіреді. Бір-бірімізге демеу жасап жүреміз әрдайым. Отбасыда ең басты құндылық ол бір-бірімізді түсіну болып табылады біз үшін. Қандай жағдай болмасын көптеген қиыншылықтар да болады арасында, қызықшылықтар да болады. Қайда барсақ та бірге жүреміз. Бізге ең бастысы осы.
Наурызхан Әбдірахманов, домбырашы:
Өзім кішкентайымнан домбыра тартқаннан кейін балам да домбыра тартқанын қаладым. Қызым сурет салғанға жақын. Алдағы уақытта осы домбыра саласында домбыра маманы болып кетсе мен оған қарсы емеспін. Қайта қуанамын. Оған қолдау көрсетуге дайынмын.
Ал Нұрсұлтан теңін театрдан тапқан. Зарина екеуі бір мүшел жыл бұрын жұп жарастырды. Сөйтіп облыстық театрдағы таныстық отбасылық одаққа ұласты дейді. Бүгінде екеуі 40-тан аса қойылымда бірге ойнап, бір салада жүріп, бір үйге айналды.
Нұрсұлтан Маханов, облыстық Академиялық қазақ драма театрының әртісі:
Әкем де менің музыкант аспапта ойнайды. Анам да аспап та ойнайды. Бірге жұмыс істеген. Бәлкім ата-анамды көріп өскеннен кейін, бір-бірін қалай түсінетінін көріп өскеннен кейін маған қорқынышты болмаған шығар. Бір жағы актер адамға жарының түсінгені жақсы. Мысалы, қандай рөлді ойнасаң да мен оны түсінем, ол мені түсінеді. Өйткені бұл жұмыс. Біз профисионалды түрде қараймыз.
Жалпы академиялық театрда жүрегінің сыңарын сахнадан тапқан 7 жұп бар. Өз бақытын өнерде жолықтырғандар – өзара түсіністік пен татулықтың үлгісін көрсетіп, үйлесім тапқандар. Демек берекелі шаңырақтың берік іргесін қалағандар қоғамды отбасылық құндылық тәрбиелейтінін көрсетіп келеді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03