Жаңа конституциялық модель сараланды
Қазақстанның жаңа конституциялық моделі жайлы отандық және шетелдік сарапшылар пікір алмасты. Бүгін Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастаруымен халықаралық сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Мамандар елдің жаңа конституциялық моделін қалыптастыру мәселелеріне арналған аналитикалық баяндамаларын ұсынып, шет елдердегі тәжірибелерге тоқталды.
Альберто Туркстра, «Diplomatic world» жоба директоры:
Қазақстан қазір экономикалық моделін түбегейлі трансформациялау кезеңін бастан өткеріп жатыр. Ел табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттауға негізделген экономикадан адами капиталға басымдық беретін жаңа модельге көшуде. Қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан салалар бар, солардың қатарында жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және Алматы маңындағы Алатау сияқты «ақылды қалалар» жобалары бар. Бұл бағыттарда Қазақстан өңірлік, ал болашақта жаһандық деңгейде де көшбасшы болуға ұмтылып отыр. Осы тұрғыда Конституция мұндай өзгерістерді қолдайтын құқықтық негіз қалыптастырады.
Давид Апциаури, Профессор:
Бұл қадам елдің дамуы, мемлекеттік институттарды нығайту, демократиялық реформаларды ілгерілету және қоғамды осы процеске кеңінен тарту тұрғысынан аса маңызды. Халықаралық деңгейдегі маңызы да айрықша. Бұл – тарихи оқиғаның мәнін айқындайтын негізгі тұжырымдар. Осыған байланысты болашақтағы даму бағыттары, ықтимал өзгерістер мен қорытындылар туралы айтуға болады. Әсіресе қазіргі күрделі әрі тұрақсыз әлем жағдайында бұл мәселелердің өзектілігі арта түседі.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03