Теңге нығая түсті
Бүгін ұлттық валфюта нығайып, доллар шамамен 7 теңгеге түсті. Қазақстан қор биржасының дерегінше, АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 479 теңгеге дейін төмендеді. Ал бір күн бұрын бұл көрсеткіш 485 шамасында болған. Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пунктері долларды 481 теңгеге сатып алып, 484 теңгеден сатып жатыр. Қаржыгерлер доллардың түсуіне ең бірінші мұнай бағасы әсер етіп тұрғанын айтады.
Венера Жаналина, қаржыгер:
Доллардың түсуіне негізгі бірнеше фактор әсер етіп отыр. Мәселен, мұнай бағасының қымбаттауы, қазір барреліне 102-103 доллар. Бұл теңгені ұстап тұруға ықпал етеді. Сондай-ақ еліміздегі компаниялар 10 сәуірге дейін бір жылдық корпортивтік табыс салығын төлеуі керек. Бұл ірі сома. Ал оны төлеу үшін экспорттаушылар долларды теңгеге айырбастап жатыр. Таяу Шығыстағы шиеленіс, Ормуз бұғазы арқылы мұнай өткізу мәселесі де әсер етеді. Осы аптада АҚШ Федералдық резерв жүйесінің отырысы өтеді. Содан кейін қандай да бір болжам жасауға болады.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02