Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Күн тәртібінде «Алатау қаласының мәртебесі» туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Ал екінші оқылым 27 наурызда өтеді. Бүгін Үкімет жаңа Конституцияны жүзеге асыру жайын талқылады. 5 жаңа заңға және 60-тан астам қолданыстағы заңға, соның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізілмек. Бұл ретте Үкімет басшысы Олжас Бектенов министрліктерге нақты тапсырма жүктеді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Бүгінде жаһан жұртының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көшбасшылығына және қабылданған Конституциямыздың прогрессивті сипатына куә болғанын көріп отырмыз. Бұл Қазақстанның жоғары беделімен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқын білдіреді. Өз кезегінде біз Президенттің командасы ретінде реформалардың сапасы мен қарқынын қамтамасыз етуіміз керек.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17