Президент отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасауды тапсырды
Қазақстанда тауар айналымы 8,9 пайызға өсіп, 80 триллион теңгеден асты. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Былтыр электронды сауданың көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткен. Елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасты. Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық одақ аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Ұйым құрылғаннан бері 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылды. Келіссөздер нәтижесінде еліміздің бірқатар мәселеге қатысты ұстанымы ескерілді. Президент министрлікке заманауи сауда экожүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасау, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Арман
Шаққалиев, Сауда және интеграция министрі:
Жаһандағы экономикалық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауар түрлері мен қызметтер көлемі 41 миллиард долларға жетті. Экспорттаушыларды қаржылай қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, сақтандыру сомасының максималды мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін көбейіп, қолдау шаралары екі есе өсті.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15