Наурызнама: Ұлттық киім – ұлт айнасы
Алматыда «Ұлттық киім» күніне орай қазақтың дәстүрлі киімдері жаңаша форматта ұсынылды. Тіпті тарихи фотосуреттер жасанды интеллект арқылы жанданып, өткен мен бүгіннің арасын жалғап тұр. Яғни, көрмеге келген жұрт 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырды қамтитын тарихи жәдігерлерді тамашалап, QR-код арқылы көне бұйымдардың түпнұсқасы мен жаңартылған нұсқасын салыстыра алады. Ұйымдастырушылар мұндағы әр экспозициядағы ою мен әшекейдің астарында терең мағына жатыр. Себебі, дәстүрлі киім арқылы ұлттың дүниетанымы, шаруашылық-тұрмыстық ерекшелігі, эстетикалық талғамы танылады, - дейді.
Үміт Әлиақпарқызы, Ұлттық орталық музейдің бас қор сақтаушысы:
Бұл көрмеге 100-ге жуық музейлік заттар қойылған. Олар жалпы бас киім, сырт киім, аяқ киім деп жіктелініп қойылады. Сонымен қатар, ер адамның киімі, әйел адамның киімі, баланың киімі осы көрмеде толықтай қойылған. Бұл көрмеде тұрған киім кешектер бұрын соңды экспозицияға қойылмаған.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17