«Халық таңдауы – жарқын болашақ» флеш-фестивалі өтті
Ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған референдумға ақмолалықтар өте белсенді қатысты. 512 мыңға жуық тұрғынның 407 мыңнан астамы дауыс берді. Яғни 85 пайызы жаңа Конституцияны қолдады. Бүгін Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген шарада ұлттық киім ұлықталды. Дизайнерлер мен шеберлерлер өз туындыларын көрсетті. Сондай-ақ «Сырмақ Fest» көрме-фестивалі өтіп, қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнек өнері насихатталды.
Жабал Ерғалиев, қоғам қайраткері:
Бұл Конституция біздің елімізге, біздің халқымызға керек. Өйткені заман өзгеріп жатыр, талап өзгеріп жатыр. Соған орай, сол талапқа сай біздің Конституциялық құқығымыз, Конституциялық міндетіміз, Конституциялық азаматтық парызымыздың бәрі айқындалуы керек. Соның бәрі осы Конституцияда көрініс тапты.
Дидар Хамзин, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы:
15-наурыз күні жалпыұлттық референдумде қабылданған жаңа Конституцияның мән-маңызы менің жеке ойым бойынша қазіргі уақытта жалпы бүкілге елге зор ықпалын тигізеді. Өйткені, әрбір белгіленген бағыт бойынша елімізді жаңа өзгерістер күтіп тұр. Әрине бұл дегеніміз көк туымызды тұғырда желбіреп тұруының, жалпы еліміздің мәртебесінің үлкен жаһанда биік болуының барлығына үлкен әсерін тигізеді деген ойдамын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15