Тасқынға тас түйін дайын
Тасқын қатер төндірген аймақтар қатаң бақылауға алынды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы 2 мыңнан астам техника мен 4 мыңнан астам адам тас түйін дайын. Қарғын судың алдын алу үшін тағы қандай шара қолға алынды? Ол туралы меншікті тілшіміз Ардақ Мұратқызынан сұрап білейік.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Иә, мамандар дерегінше, су басу қаупі бар Бәйтерек, Тасқала аудандары мен Орал қаласының аумағы ерекше бақылауға алынған. Қазір елді мекендерде қар шығару жалғасып жатыр. Күні бүгінге жалпы ұзындығы 300 шақырым болатын арық жүйесі омбы қардан аршылған. Жалпы өңірде 1 млн текше метрден астам қар шығарылған. Ал өзендерде кептеліс болмас үшін ойық ойылып, мұз жарылды. Су айдындарында әлі мұз жамылғысы қалың. «Қазгидромет» мәліметінше, облыс аумағының 73 %-ында әлі қар бар. Ал республикалық тасжолдар бойындағы 525 су өткізу құбыры қардан аршылған. «Қазавтожол» мамандарының айтуынша, өткен жылдары су шайған бірнеше учаскеге жаңа құбырлар орнатылған. Инертті материалдар мен қажетті техника әзірленген.
30– дан астам елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр
Ержан Жақып, Тілші:
Абай облысында да тасқынға қарсы шаралар қолға алынды. Осыған дейін өңірде 64 елді мекенді су басу қаупі бар деген болжам жасалған болатын. Сондықтан алдын алу жұмыстары күшейтілді. Бүгінгі күні 30 дан астам ауылға қарғын судан қауіп төніп тұр. Мамандардың айтуынша, әсіресе Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті аудандарында тасқын қаупі жоғары. Бұл аумақтарда 42 мыңнан астам тұрғын тұрады. Қауіптің алдын алу мақсатында өзен арналары тазартылып, қорғаныс бөгеттері күшейтілуде. Мамандар республикалық маңызы бар жолдарды бақылауға алды. Тасқын қауіпі бар жол учаскесінде суағарлар, көпірлер қардан аршылып жатыр. Қауіпті аумақтар бірнеше рет тікұшақпен тексерілді. Құтқару қызметтері төтенше жағдай бола қалған жағдайда арнай техника, инерттік материалдар мен құрал-жабдықтар дайын, деп отыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40