«Таза Қазақстан»: Үздік экомектептер анықталды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосқан Астанадағы үздік мектептер марапатталды. Байқауға 100-ден аса білім ордасы қатысқан. Бұл бастама балаларды қоршаған ортаны қорғауға баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жоба аясында мектептерге 2730 арнайы жәшік қойылып, «EcoQolday» цифрлық жүйесі енгізілген. Нәтижесінде жәшіктерге 12 тонна қоқыс жиналып, қайта өңдеуге жіберілген. «Осы арқылы оқушыларды қоқысты сұрыптауға үйрету көзделген», - дейді ұйымдастырушылар.
Нұржан Дүйсебей, ұйымдастырушы:
107 мектептің арасында Астана қаласында 3 жеңімпаз анықталды. Ол үш мектеп және басқа да мектептер қалдықтарды сұрыптап, оны тапсыру кезінде экоурнаға, ол жәй ған қалдықтарды сол жердегі полигонға емес, арнайы қайта өңдеу зауыттарына қайта жіберілді. Биыл бізде жоспар бойынша Астана қаласынан бөлек 15 облыстарда осы іс-шараны іске асырамыз.Нұрлан Ысқақов, мектеп директоры:
Қазаннан бастап қазіргі күнге дейін екі тоннаға жуық өткіздік. Осы 5-6 айдың ішінде өткізіп, осы сайыстың жеңімпазы болып отырмыз. Сондықтан да оқушылар осы аталған сайыс барысында 4-5 айдың ішінде экологиялық мәдениет жүйелілігі қалыптасты.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17