Сенат жаңа Конституцияны іске асыру жұмысын бастады
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру бойынша Парламенттің алдында тұрған міндеттерді айқындап берді. Депутаттар сессияның соңына дейін рақымшылық туралы заңды қабылдауы тиіс. Еске салсақ, кеше Мәжілісте амнистия аясында айыппұлдар кешірілетіні айтылды. Қазір нақты қандай айыппұл түрлері есептен шығарылатыны талқыланып жатыр. «Парламент өзге де жаңа конституциялық заңдарды қарау және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу сияқты маңызды міндеттерді уақытылы әрі сапала іске асыруы керек», - деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Жалпыұлттық референдум ел бірлігінің және азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды. Мемлекет басшысы Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес Парламентке бірқатар маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Осы ауқымды жұмысты мәжіліспен және үкіметпен бірлесіп, уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруымыз керек.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17