Депутат: Скринингке қатысты норма орындалмай жатыр
Елімізде қызметкерлерге медициналық скринигтен өтуі үшін үш күнге дейін ақылы демалыс қарастырылған. Дегенмен көптеген адам өз құқығынан бейхабар, салдарынан тұрғындар әсіресе, онкологиялық тексерулерден өтпейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Оның сөзінше, скринингке арналған демалыс нормасы заңда бар болғанымен, оның орындалуы жеткіліксіз деңгейде. Азаматтардың көпшілігі тексеруден өту уақыты мен тәртібін де білмейді деген Асхат Аймағамбетов, Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, жұмыс берушілер қызметкерлердің скринингтен өтуіне жағдай жасап, кадр бөлімдері бұл процесті ұйымдастыруға тиіс.
Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:
ДСМ азаматқа «Еговтағы» оның арнайы кабинеті арқылы әлде 1414-тен бізге СМС келеді ғой, сол СМС арқылы сол азаматқа скринигтен өтуге болады деген ақпарат жіберсін деген бір. Екіншіден кадр бойынша ақпараттық жүйеге жұмыс беруші кім скринигтен өтеді деген ақпаратты сол ақпараттық жүйе арқылы жіберу кадр бөліміне соны міндеттеу.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28