Топтық кезең ойындары аяқталды
Түркістанда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионаты қыза түсті. Топтық кезеңнің үшінші ойынында алаң иелері Өзбекстандық шабандоздарға қарсы ойнап, 10-6 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан мен Тәжікстан құрамалары жартылай финалға жолдама алды. Ертең осы командалар ақтық мәре ойынына өту үшін бақ сынасады. Ал 21-наурыз күні жаһан жарысының жеңімпазы анықталады. Айта кетейік көкпардан әлем біріншілігінің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңге.
Искандер Нұрқұлов, Тәжікстан құрамасының ойыншысы:
Барлық командалар жақсы дайындықпен келген. Қарсыластарымыз керемет ойын өрнегін көрстеіп жатыр. Өзіміздің сәйгүліктерді алып келмегендіктен кішкене ыңғайсыздау болды. Бұған дейін Қазақтар мен Өзбек құрамаларына есе жібердік. Бүгін аспан асты елінің шабандоздарын 7-2 есебімен басып оздық. Әлі де жүлделі орыннан үміттіміз, сол үшін барымызды саламыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15