Отырар ауданында ақшаңқан киіз үйлер тігілді
Әз Наурыз келісімнің, сыйластықтың, құрмет пен сүйіспеншіліктің дәнекері. Түркістандықтар наурыз мейрамын алты күннен бері тойлап жатыр. Бүгін Отырар ауданында жарқыраған ақшаңқан үйлер тігіліп, ұлтымыздың салт-дәстүрі дәріптелуде. Қазір осы өңірдегі тілшіміз Айнұр Әбілқасымқызы бізбен тікелей байланысқа шығып тұр. Айнұр көктемнің шуақты мерекесі биыл қалай тойланып жатыр?
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Түбі бір түркі жұртына ортақ Наурыз мейрамы қазір облыстың бірнеше ауданында тойланып жатыр. Біз қазір Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында тұрмыз. Мұнда Наурыз – шын мәнінде халықтық мерекеге айналғанын көруге болады. Киіз үйлер тігіліп, әр үйдің алдында мерекелік қойылдымдар мен концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылуда. Ұлттық құндылықтар ұлықталып, ұмыт болып бара жатқан дәстүріміз дәріптеліп жатыр. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, Наурыз мейрамының айшықты дәстүрі жалғасын тапты. Бөріктілер қазақша күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру, асық ату сияқты ұлттық ойынның көрігін қыздырған. Бүгінгі мерекеде ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан ойындарының бірі тас көтеру жарысы ұйымдастырылып, күш атасы Қажымұқанның елінде тараздық балуан Арман Сүлеймен өнерін паш етті. Ол салмағы 150 келіден асатын балуан тасты көтеріп, жұртты таңқалдырды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40