Талдықорғанда оқушылар мен студенттер IT жобаларын ұсынды
Талдықорғанда «Digital Nauryz» зияткерлік жобалар көрмесінде мектеп оқушылары мен студенттер 15-тен астам инновациялық IT жобаларын ұсынды. Іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Көрмеге жетекші мектептер мен робототехника үйірмелерінен 10-ға жуық команда қатысты. Олар экология, теңіз және өзен индустриясы, сондай-ақ құрылыс пен машина жасау саласындағы өз жобаларын таныстырды. Дарынды жастардың арасында халықаралық байқауларда топ жарған оқушылар да бар. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар жастардың технологияға қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сан алуан мәселеге шешім ұсынуына жол ашады.
Нұрасыл Шәріпов, оқушы, жоба авторы:
Респи бот бізде құтқарушы робот. Төтенше жағдайлар орындарынан адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдайды. Біздің роботта FPV-көзілдірік және арнайы схема қолданады. Біз қашықтан басқарып отырамыз. Ал FPV көзілдірік арқылы біз жалпы роботтың көзі ретінде қашықтан көре аламыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17