Өскеменде «Digital Nauryz» форумы өтті
Өскеменде Наурыз мерекесін цифрлық технологиялармен байланыстырған «Digital Nauryz» форумы өтті. Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеріп, виртуалды шынайылық форматында қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Әсіресе, көпшіліктің назары робот-итте болды. Ол адамның қимылын жіті қадағалап, әр әрекетке жедел жауап береді. Жалпы бұл форум 7 күнге созылады, әр күні түрлі технологиялық тәжірибелер ұсынылып, жастарға цифрлық білім беру бағытында сабақтар өтеді. Алдағы уақытта ұлттық ойындардың бірнеше түрін виртуалды нұсқада жасау жоспарланған.
Дидар Мұратұлы, Oskemen Hub директоры:
Біз жаңа технологиядарды, жаңа мүмкіндіктерді, біздің жастарымызға үйретіп жатырмыз. Ол дегеніміз тек біздің Шығыс Қазақстан айти комьюнитиі ғана емес, сонымен қатар барлық қызығушылық білдіріп жатқан жастардың барлығы келіп осы жерден білім ала алады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысын тоқтатты
15.09.2026, 17:22
Алтай қаласында полицейлер баланы өрттен алып шыққан
15.09.2026, 17:20
Баянауыл өртеніп жатыр
15.09.2026, 17:17
Алаяқтар ҚМА атынан жалған ақпарлар таратқан
15.09.2026, 17:15
Созақ ауданында жүзден аса отбасы баспаналы болды
15.09.2026, 17:12
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 17:10
Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды
15.09.2026, 17:07
Президент кореялық инвесторларды жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырды
15.09.2026, 17:05