Е.Қарин: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
«Жаңа Конституцияны қабылдау заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшкенімізді білдіреді. Алдымызда заңнамалық базаны үйлесімді ету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр».
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында осылай деп жазды. Ол
бірінші кезекте жаңадан 5 конституциялық заңды және шамамен 60 кодекс пен заңды
қабылдау қажет екенін атап өтті. «Бұл ретте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
күшейту маңызды. Осылайша Ата Заңның қабылдануымен конституциялық,
институционалдық және идеологиялық деңгейлерде жаңа қоғамдық әдептің біртұтас
мағыналық негізі қалыптасады», - деді Мемлекеттік кеңесші.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15