Ұшақта толғатқан әйелге дәрігер алғашқы көмек көрсетті
Ұшақта толғағы қысқан келіншекке оралдық дәрігер алғашқы көмек көрсетті.
Оқиға Астана – Орал бағытындағы ұшақта болған. Түнгі сағат 11-де көкке көтерілген әуе көлігінде аяғы ауыр келіншектің толғағы ұстайды. Оған борттағы жолаушы Орал қалалық ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов бірден алғашқы көмек көрсетеді. Құрсағында 6 жарым айлық шаранасы бар әйелдің суы кетіп, қатты қиналады. Ұшақ түнгі сағат 12-лерде Астана әуежайына кері қайтып, әйел «жедел жәрдемге» тапсырылады. Кейін дәрігер сол ұшақпен Оралға қонған кезде келіншектің босанғанын естиді. Ұл бала Астанада аман-есен дүниеге келді.
Таубай Байжекенов, қалалық көпбейінді аурухананың хирург дәрігері:
Баланың басы келіп тұр, бірақ босану әрекеті жоқ. Сонымен бірге науқаста ұшақ қонғанға дейін 400-500 милилитрдей қан кетті. Ең басты әрекет- тактика болды бұл жерде. Өйткені 27 апталық жүктілік деген ол босанғанның өзінде ұшақта, реанимациялық көмек керек болады балаға да, анаға да. Сондықтан капитанға ескерттік, «Біз қазір мына жерде босандыра алмаймыз. Өте жоғары қауіп» деп. Сондықтан Астанаға қайтып ұшуға тура келді. Содан «жедел жәрдем» қызметіне тапсырдық. Қайтіп Оралға ұштық, сол кезде хабар келді: босанған екен, аман-сау.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15