Көкпардан Әлем чемпионатында ақтық сайысқа шыққандар анықталды
Түркістанда өтіп жатқан көкпардан Әлем чемпионатының финалистері анықталды. Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы жартылай финалда Рессейлік Шабандоздарды 6-4 есебімен жеңіп, ақтық мәре ойынына жолдама алды. Алаң иелеріне қарсы Ауғанстан командасынан басым түскен Өзбек ағайындар ойнайды. Ақтық бәсеке ертең Түркістандағы жаңа атшабарда өтеді. Үздік шыққан құрамалар бас жүлдені сарапқа салып, әлем чемпионы атағы үшін бақ сынасады. Жаһан жарысының жалпы жүлде қоры 30 млн теңге.
Шахжаһон Хамрахулов, Өзбекстан құрамасының ойыншысы:
Үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеттік. Бүгін ауған командасын 4-2 есебімен ұттық. Соның арқасында ертеңгі финалдық ойынға шықтық. Ақтық сындағы қарсыласымыз Қазақстан командасы. Өте тартысты ойын болары анық. Алайда біз чемпион болу үшін бар күш жігерімізді салып, соңына дейін күресеміз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17