Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
Ұшақта толғағы қысқан келіншекке оралдық дәрігер алғашқы көмек көрсетті.
Оқиға «Астана-Орал» бағытындағы ұшақта болған. Түнгі сағат 11-де көкке көтерілген әуе көлігінде аяғы ауыр келіншектің толғағы ұстайды. Оған борттағы жолаушы Орал қалалық ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов бірден алғашқы көмек көрсетеді. Құрсағында 6 жарым айлық шаранасы бар әйелдің суы кетіп, қатты қиналады. Ұшақ түнгі сағат 12-лерде Астана әуежайына кері қайтып, әйел «жедел жәрдемге» тапсырылады. Кейін дәрігер сол ұшақпен Оралға қонған кезде келіншектің босанғанын естиді. Ұл бала Астанада аман-есен дүниеге келді.
Таубай Байжекенов, қалалық Көпбейінді ауруханасының хирург дәрігері:
Баланың басы келіп тұр, бірақ босану әрекеті жоқ. Сонымен бірге науқаста ұшақ қонғанға дейін 400-500 милилитрдей қан кетті. Ең басты әрекет - тактика болды бұл жерде. Өйткені 27 апталық жүктілік деген ол босанғанның өзінде ұшақта, реанимациялық көмек керек болады балаға да, анаға да. Сондықтан капитанға ескерттік «Біз қазір мына жерде босандыра алмаймыз, қауіп жоғары» деп. Сондықтан Астанаға қайтып ұшуға тура келді. Содан «жедел жәрдем» қызметіне тапсырдық. Қайта Оралға ұштық, сол кезде хабар келді. Босанған екен аман-сау.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40