Астанада инклюзивті асық атудан алғашқы турнир өтті
Ал Астанада алғашқы инклюзивті асық ату турнирі өтті. Ерекше қажеттілігі бар балалардың қатысуымен өтетін сайыстың ерекшелігі – асықтың өзінде. Олар әдеттегіден үлкен, арнайы қатысушыларға бейімделіп жасалған. Жаңа форматтағы шараға Қазақстанның бочча федерациясы мен «Sport Culture» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Сондай-ақ мерекелік бағдарлама аясында ансамбль өнері көрсетті.
Нұргүл Үлжекова, Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы:
Асық атудың бейімделген түрі. Ол үлкен асықтармен ойналады. Өйткені біздің ерекше балалар, олардың ұсақ моторикасы онша жақсы жұмыс істемейді. Сондықтан оларға кішкентай асық лақтыру қиынға соғады. Сондықтан үлкен.
Гүлзия Кашкова, қатысушының анасы:
Өте жақсы іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. «Мен Аяулымның анасы боламын. Осы боччаға 2024-тен бері қатысамыз. Өте жақсы, қызымның өмірге деген құлшынысын арттырып осы боччаға келгелі жақсы болды.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28