Олжас Бектенов Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті
Қазақстан Премьер-министрі елге жұмыс сапарымен келген Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Олжас Бектенов өз сөзінде қазақ-ресей қатынастары жаңа деңгейге көтеріліп, өзара сауда көлемі 30 млрд долларлық межеге жуықтағанын жеткізді. Тараптар екіжақты келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп, энергетика және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін қарады. Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға назар қойылды. Жиында, сондай-ақ кеден жүйелерін цифрландыру саласындағы ынтымақтастық жайлы да сөз қозғалды.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
Осы теміржол қатынастары арасында қағаздан арылып тек электрондық форматқа көшу. Бұл жоба қазіргі таңда іске асып жатыр. Соның арқасында рәсімдеу процестері 30 минуттан 10 минутқа дейін азайды. Екі ел арасындағы шекара бекеттерінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы 30 бекет жаңа заманауи талаптарға сай болады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28