Ақтауда халықаралық деңгейдегі мұз айдыны пайдалануға берілді
Ақтауда халықаралық деңгейдегі мұз сарайы ашылды. Жоба – Мемлекет басшысының спорт нысандарын салуға жеке инвесторларды тарту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Мұз айдыны халықаралық стандарттарға сай салынған. Яғни, олимпиадалық ойындарға спортшы дайындауға мүмкіндік береді. Мұз сарайында хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және кёрлинг сияқты төрт олимпиадалық спорт түрін дамыту жоспарда. Ол үшін ел бойынша білікті жаттықтырушылар шақырылмақ.
Ажар Жұбатырова, қала тұрғыны:
Өте қуаныштымыз. Осы уақытқа дейін балаларымыз кішкентай мұзда дайындалды. 15 бала ол мұзға сыймайтын еді. Қазір енді бұл бізге үлкен мүмкіндік. Қазір балаларымыз үлкен халықаралық жарыстарға барады. Нәтижелері жақсы, жаттықтырушыларға мың алғыс.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17