Түркияда «Наурыз-Fest» фестивалі өтті
Түркияда оқитын қазақстандық студенттер Наурыз мейрамы қарсаңында «Наурыз-Фест» фестивалін өткізді. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркияның түрлі қалаларында білім алып жатқан студенттерді Ыстанбұлға жинап, үш мыңға жуық жастың осы мерекелік жиынға қатысуына мұрындық болды. Фестивальде қазақтың ұлттық ойындары ойналып, түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Әр қалада оқитын студенттерден құралған командалар арасында дәстүрлі футбол турнирі де өтті. Ұлттық ән күйіміз шырқалып, жастар өз өнерін паш етті. Жиналғандарға ұлттық тағамдарымыз таратылды. Жырақта жүрген жастар әз-Наурыздың мерекелік атмосферасын сезініп, елге деген сағыныштарын бір сәтке болса да ұмытқандай болды.
Қасиет Баймуддинова, «Бірлік» қазақ жастары ұйымының мүшесі:
Ұлттық спорт ойындары, этно жәрмеңкелер өтуде. Киіз үйлерді құрастырып, қонақтарымыз түрлі ойындарға қатысып жатыр. Біздің ауызбіршілігіміз жоғары деңгейде деп санаймын. Бірлігіміз өте мықты, тек мәдени шаралар өткізбейміз. Спорт, білім болсын жан-жақты салалардан түрлі шаралар өткізуге тырысып жүрміз.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28