Астанада «Run for Autism» жүгірісі өтеді
Аутизмі бар адамдарды қолдаймын дейтін жандар жуырда «Run for Autism» жүгіру жарысына қатыса алады. Жылда ұйымдастырылатын қайырымдылық спорттық шара биыл 26 сәуірде Астанадағы ботаникалық бақта өтеді. Сайыс уақытының осылай таңдалуы да бекер емес. Сәуір – аутизм туралы ақпараттандыру айы болып есептеледі. Бүгін жарыс алдында баспасөз конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар қонақтарға былтырғы нәтижелерін бөлісіп, қатысушыға берілетін старттық жинақты таныстырды. Спорттық шараға кәсіби атлеттер, даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер, олардың отбасылары, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ инклюзияға бейжай қарамайтын азаматтар бірге қатыса алады.
Самал Әлбілекова, «Bolashak Charity» ҚҚ әлеуметтік және инклюзивті бағдарламалардың жетекшісі:
Бұрынғы үш жылдың ішінде 6500 жуық қатысушымыз болды. Осы соңғы үш жылда жиналған қаражатқа біз елордадағы балабақшаларда, мектептерде және колледждерде инклюзияны қолдау кабинеттерін аштық. Біз ары қарай олардың кәсіби білім алуына көмектескіміз келеді. Сондықтан «Run for Autism» осы жасөспірімдер мен ересектерге арнайы кәсіби білім беруге бағытталады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28