Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті
Шымкентте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. Жиында кеңеске мүше елдер арасында сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында бірлескен жобалар сөз болды. Іс-шара «Индустрия: Өзара іс-қимыл күші» тақырыбына арналған Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумының қарсаңында ұйымдастырылды. Бұл да көпжақты диалогты тереңдетуге ықпал етеді, дейді сарапшылар. Еске салсақ, биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етіп жатыр. Барлық ортақ жобаға жасанды интеллект енгізу жайы алғашқы отырыстан бастап айтылып келеді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15