Алматылықтар мен қала қонақтары әз- Наурыз мейрамын «Aport West» молда тойлады
Алматылықтар мен қала қонақтары әз- Наурыз мейрамын “Aport West” моллында тойлады. Келушілер үшін түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырып, әрбір сауда жасаған тұтынушы жүлделі ұтысқа қатысты.
Орта Азиядағы ең ірі моллдардың бірі - «Aport West» келушілерді 5 күн бойы ұлттық киіммен ыстық бауырсақ ұсынып қарсы алды. Арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қазақы құндылықтарымыз дәріптелді. Жастар жағы асық атып, ләңгі теуіп, қол күрестіріп, арқан тартысты.
Мынау ортадағы болып жатқан сайыстың бәрі жақсы өтіп жатыр. Құтты бола берсін, наурызымыз жалғаса берсін.Балалар ойын ойнап жатқанда, ата-аналары сауда жасап, көлік ұтысына үміткер болды. Моллдың мұндай тұрақты науқанын қалт жібермейтіндер көп екен.
Қазіргі таңда асық жарысы болып жатыр. Алып келген сеебім, өткен дәстүрді ұмытпау бір жағынан, салт - дәстүрді ұмытпау.
Мына Апортқа келген едім. Сондай қуаныштымын. Қытайдан келгенмін. Наурыз мерекесін бірінші рет өткізіп жатырмын Қазақстанда, сондай қуаныштымын.
Үнемі келіп қатысамын. Үмітім бар, әрине. Көлік ұтып алуға.Ұйымдастырушылар, бұл жолы басты ұтысқа -Kia Soluto автокөлігін тігіпті. Қатысам деушілерге жаз аяқталғанға дейін уақыт беріліп отыр.
Рахман Илямов, Aport Mall маркетинг және PR департаменті директорының орынбасары:
10 наурыздан бастап көлік ұтысын ойнату науқаны басталды. Келушілер кез-келген дүкенде сауда жасап, әрібір 10 мың теңгенің чегін купонға айырбастай алады. Науқан 30-шы тамызға дейін жалғасады.Яғни, ұтысқа 30 тамыз түскі 2-ге дейін сауда жасаған тұтынушылар түгел қатыса алады. Дәл сол күні кешкісін өтетін арнайы концертте жүлдегер анықталмақ.
Әйгерім Ердәулет, Қасым Нұрсабыр Ұлттық арна, Алматы.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03