Сәуірден бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады
31-ші наурыз – көлік салығын төлеудің соңғы күні. Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына 2025 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталып жатқанын еске салды. Салық мөлшері заңда белгіленген ставкалар бойынша есептеледі. Былтырғы есептік көрсеткіш – 3 мың 932 теңге. Егер төлем уақтылы жасалмаса, сәуірден бастап әр күнге өсімпұл қосылады. Ал 10 мамырдан кейін де берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады – тіпті банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы мүмкін. Көлік салығы туралы ақпарат eGov және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17